Жарияланған күні: 29.03.2016 15:42
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап, 30.06.2014ж. № 213-V «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚРЗ жария ету шаралары маңызды жеңілдеткен  жаңа ережелер күшіне енді.  

1. Жария етудін ерекшеліктері:

-  құқық қорғаушы және басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан заңсыз әрекеттеріне қосымша кепілдік;

-  жария етілген мүлік тәркіленгенге жатпайды;

-  жария ету бойынша қылмыстық істер қозғауға тыйым салынады;

- жария ету субъектісінің берілгендері салықтық және банктік құпия болып табылады;

-   мүлік пен капиталдың қалай пайда болғаны туралы сұрақсыз толық құпиялық.

2. Жаңа жылдан бастап ақшаны жария  ету тіпті женіл!

Өйткені мемлекет жария етілген ақшаны өз қалауларыңыз бойынша екі қарапайым тәсілмен иелік етуге бірегей мүмкіндік пен құқық береді. 

1 тәсіл – оларды банктік шоттар арқылы көрсетіп, 10%-дық алымның төлеуінсіз, өзініздің кез-келген қажеттіліктеріңізге жұмсауға болады;  

2 тәсіл -  10%-дық алымды төлей отырып, банктік шотқа салмай көрсету.   

Екі жағдайда жария ету субъектісі банктың анықтамасымен қоса мемлекеттік кірістер органдарына сәйкес декларация табыс етеді.

3. Мүлікті жария ету шаралары барынша жеңілдетілді!

Енді, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа түлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі,
жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі қоса отырып, декларация табыс ету жеткілікті.

Аталған құжаттар тізімі шет елдегі мүлікті жария ету үшін де қажет, сонымен қатар, мүлік құнынан 10% алым сомасы төленгенің растатйын құжаттың көшірмесі қоса табыс етіледі. Сонымен қатар, мүлік құны жария ету субъектісімен белгіленіп, тексерілуге жатпайды.

Аумақтардағы әкімдіктердегі комиссияларға  азаматтар тек сәйкес рәсімделмеген (тіркелмеген) жылжымайтын мүлік объектілерін жария ету үшін жүгінеді. 

Тұрғындарды мемлекетпен берілген мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырамыз!

Бүгін мүмкіндік бар, ертең кеш болуы мүмкін…

Сіздердің жарқын болашақтарыңыз және мүліктеріңізді қорғау

Жария етуден басталады!