Жарияланған күні: 07.11.2024 18:27
Өзгертілген күні: 07.11.2024 18:27

2024 жылғы 7 қарашада «ALTAI» телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова «ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметі» тақырыбында сұхбат берді.

Бағдарлама барысында спикер жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің қорытындысы туралы айтып, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың IV кезеңі басталатынын, ол алдыңғы үш кезеңде қамтылмаған халықтың басқа санаттарын қамтитынын хабарлады.

Сондай-ақ, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру -банкроттығы рәсімдері, берешекті қайта құрылымдау тәртібі туралы ақпарат беріп, тақырып аясында салық төлеушілерден жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді.

Сайран Уалибекова өз сөзінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Фискалдық деректер операторы бірлесіп жүзеге асырған «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясының жалғасып жатқаны жайлы хабарлады және акцияның ережелерімен таныстырды. Спикер бақылау-кассалық машиналарын (әрі қарай - БКМ) қолдану туралы, БКМ чектерінде тауарлар, көрсетілген қызметтердің атауы және т.б. барлық деректердің міндетті түрде көрсетілуі керек екенін атап өтті.

«– Мемлекеттік тізімге енгізілген БКМ-ның барлық үлгілері техникалық талаптарға сәйкес келеді және чектерді мемлекеттік тілде басып шығару функциясын орындайды. Сондықтан, бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, кәсіпкерлерден азаматтардың талабы бойынша БКМ чектерін мемлекеттік тілде ұсынуды сұраймыз», – деді Сайран Кенесханқызы, өз сөзін қорытындылай келе.