
2025 жылғы 24 сәурде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті техниқалық реттеу және метрология Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті қызметкерлері үшін өзгерістерді ескере отырып, 270.00 нысанындағы "кірістер мен мүлік туралы" декларация бойынша оқыту жүргізді.
Декларацияны толтыру тәртібі, ұсыну тәсілдері мен мерзімі, декларацияны ұсынбағаны үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі туралы келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар ұсынылды, сондай-ақ "esalyg Azamat" мобильдік қосымшасы арқылы декларацияны ұсынуда практикалық көмек көрсетілді.