Жарияланған күні: 14.02.2025 19:44
Өзгертілген күні: 14.02.2025 19:46

Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің алаңында жалпыға бірдей декларациялау бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының бас маманы Роза Сейілханова "активтер мен міндеттемелер туралы" 250.00 нысанындағы, "кірістер мен мүлік туралы" 270.00 нысанындағы декларацияны толтыру тәртібіне, декларацияны ұсынбағаны үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі туралы жалпыға бірдей декларациялау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Семинар соңында барлық сұрақтарға толық жауаптар ұсынылды.