
2024 жылғы 02 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп, "Bereke Bank" АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері үшін өзгерістерді ескере отырып, 270.00 нысанындағы "кірістер мен мүлік туралы" декларация бойынша оқыту жүргізді.
Декларацияны толтыру тәртібі, ұсыну тәсілдері мен мерзімі, декларацияны ұсынбағаны үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі туралы келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар ұсынылды, сондай-ақ "esalyg Azamat" мобильдік қосымшасы арқылы декларацияны ұсынуда практикалық көмек көрсетілді.