Жарияланған күні: 16.01.2024 19:07
Өзгертілген күні: 16.01.2024 19:08

2024 жылғы 16 қаңтарда Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер департаменті мен аумақтық басқармалардың қызметкерлері үшін оқыту жүргізді

Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Гүлгүл Құсайынова жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы айтып, декларацияның 2024 жылғы салық кезеңімен 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша ұсынылатынын атап өтті.

СЕН 250.00-ді 2023 жылғы салық кезеңімен қате ұсынғандар салық есептілігін кері қайтарып алып, декларацияны дұрыс салық кезеңімен ұсынуы қажет.

2023 жылғы кірістер мен мүлік туралы декларацияны 1 және 2 кезең декларанттары ұсынады.

270.00 СЕН толтыру кезінде Салық кодексіне 01.01.2024 жылдан бастап енгізілген өзгерістерге назар аударған жөн, оған сәйкес осы декларацияда төлем көзінен салық салынатын кірістер туралы мәліметтер көрсетілмейді.

Бұдан әрі камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Мұхтар Сабыржан мобильді аударымдар туралы, қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынатынын айтты.

2024 жылы Салық кодексінің талаптарына сәйкес жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген азаматтардың ғана мобильді аударымдары салықтық бақылауға жатады. Оларға мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері жатады.

Сондай-ақ, жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңінің басталуымен жеке декларацияны кәсіпкерлер, компанияның құрылтайшылары мен басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруы тиіс екенін атап өтті. Тиісінше, мобильді аударымдарды бақылау 2025 жылы жүзеге асырылады.

Оқыту барысында барлық сұрақтарға жауаптар берілді.