Жарияланған күні: 29.04.2024 15:58
Өзгертілген күні: 29.04.2024 16:01

2024 жылғы 29 сәуірде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп "ЦУМ" сауда орталық алаңда жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңіне қатысушылар үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жергілікті кәсіпкерлерге практикалық көмек пен кеңес берілді, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы арқылы декларация тапсыруға көмек көрсетілді.