Жарияланған күні: 13.06.2024 14:40
Өзгертілген күні: 13.06.2024 14:45

2024 жылғы 12 маусымда Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлерімен жалпыға бірдей декларациялау тақырыбы аясында семинар өткізді.
Семинар барысында «Е - Салық Азамат» мобильді қосымшасы арқылы декларацияларды тапсыру, сондай-ақ қате ұсынылған декларацияларды кері қайтарып алу (бұрын тапсырылған декларацияларда салық кезеңі, мемлекеттік кірістер органының коды, салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген жағдайларда) тәжірибелік көмек көрсетілді.
Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары салық төлеушілердің барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.