Жарияланған күні: 27.07.2023 11:24
Өзгертілген күні: 27.07.2023 11:26

Жалпыға бірдей декларациялаудың  шеңберінде  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Сұрақ-жауап" форматында ZOOM конференциясын өткізді.

Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Гульмира Сабралимова жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы айтып, салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдерін, ұсыну тәсілдерін белгілеп, 250.00-нысан "Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы" декларацияны және 270.00-нысан "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы" декларацияны толтыру бойынша мәлімет берді.

 

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы