Жарияланған күні: 20.03.2023 18:21
Өзгертілген күні: 20.03.2023 22:30

2023 жылғы 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттеріне семинар өткізді.

Мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Сыздықпаева Ғалия Тілеуқанқызы салық органдарының есеп бөлімінде он бес жылдан астам жұмыс істеді, ол студенттердің алдында сөз сөйледі, өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті, мемлекеттік кірістер органдарындағы жұмыстың басымдықтары туралы айтты, бұл - болашаққа бастар жол, салық органдарында мансап құруға көмектесетін білім мен тәжірибе екендігін атап өтті.

Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Жанар Айтжанова "Жалпыға бірдей декларациялау" және "Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен банкроттығын қалпына келтіру" тақырыптарында сөз сөйледі.

Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері, "Активтер мен міндеттемелер" және "Кірістер мен мүліктер" туралы декларацияларды толтыру және жіберу, сондай-ақ банкроттықты қолдану түрлері мен шарттары және банкроттықты қолданғаннан кейін жеке тұлғаларды қандай салдарлар күтетіні туралы түсініктемелер берілді.

Кездесу барысында барлық өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.

 

 

                                                                 Түсіндіру жұмыс басқармасы