
2022 жылғы 15 желтоқсанда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Айтжанова Шығыс Қазақстан облысы Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында «Жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбында сөз сөйледі.
Облыс азаматтарының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг аясында Жанар Базарбаевна семинарға қатысушыларды жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен көшу жөніндегі алдағы іс-шаралармен және мерзімдерімен таныстырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну қалай жүзеге асырылатынын хабардар етті.
Өз сөзінде, Жанар Айтжанова 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталатыны жайлы мәлімдеді. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мекемелері мен квазимемлекеттік секторының қызметкерлері және олардың жұбайлары алғаш рет 250.00 нысаны бойынша активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны 31.12.2022 жылғы жағдай бойынша тапсырады, кейіннен жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысан) жыл сайын ұсынатын болады.
Жалпыға бірдей декларацияны тапсыру кезінде тұлғалар негізгі нысан мен 6 қосымшадан тұратын «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» (250.00-нысан) кіріс декларациясын ұсынуы қажет.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, яғни 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) жасалады.
Брифинг соңында спикер декларацияны бірнеше минут ішінде электронды түрде «e-SalyqAzamat» мобильді қосымшасының көмегімен және Салық төлеушінің кабинеті арқылы тапсыруға болатыны туралы атап өтті.
Толығырақ келесі сілтеме арқылы білуге болады: https://fb.watch/hqJ-dR95_Q/