Жарияланған күні: 15.06.2016 19:35
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

 

     2016 жылғы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі жалған кәсіпкерліктің өзекті мәселелері және оларды шешу бойынша Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесуге ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелері бойынша орынбасары Д.Мұхамеджанова, кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілер бөлімінің сарапшысы Д.А.Жабин және ШҚО бойынша МКД ЭТҚ қызметкерлері қатысты.

Мәжілісте жалған кәсіпкерлік фактілерін ашу мен жолын кесу бойынша экономикалық тергеу қызметінің атқарып отырған жұмысы туралы ЭТҚ Көлеңкелі экономикамен күрес басқармасының басшысы Қ.Ж.Қабдуллин баяндама жасады. 2016 жылғы 5 айда ҚР ҚК 215-бабы сотқа дейінгі 103 өндіріс тіркеліп, келтірілген шығын көлемі 6,3 млрд.теңгені құрады. 64 істің өндірісі аяқталып, жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша сотқа 60 қылмыстық іс жіберілсе, ақтап алмайтын негіздер бойынша 4 іс қысқартылды.

Департамент қызметкерлері жалған кәсіпкерлік мәселелері бойынша, оның ішінде жалған кәсіпорындармен өзара қарым-қатынаста болған контрагенттерден салық төлемдерін өндіру  мәселелері түсіндірілді.

Бұдан ары дөңгелек үстел қатысушылары заңды кәсіпкерлікті қорғау мен жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелерін талқылады.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелері бойынша орынбасары Д.Мұхамеджанова сотпен мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған кәсіпорындармен мәмілелер бойынша ҚҚС мен КТС  есептеумен байланысты бүгінгі күні барлық адал кәсіпкерлерге ортақ мәселеге айналып отырған проблеманы көтерді.

Жиынды қорытындылай келе дөңгелек үстелдің қатысушылары ШҚО бойынша МКД қызметкерлері мен ШҚО кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатарынан жалған кәсіпкерліктің алдын алу мен жалған кәсіпорындармен есеп айрысқан кәсіпкерлердің проблемаларын шешуге байланысты жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады

Сонымен қатар дөңгелек үстел қатысушаыларына Экономикалық тергеу қызметінің алдын алу сипаттағы презентациялық материалдары таратылды.

 

ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі