Жарияланған күні: 22.12.2023 10:34
Өзгертілген күні: 22.12.2023 10:41

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде дәстүрге айналған «ШҚО драма театрында бір күн» іс-шара аясында 14 желтоқсан күні театрды заң басқармасының мамандары тамашалап қайтты. Бұл күн бекерден-бекер таңдалмаған-осы күні театр сахнасында премьера кезінде аса зор жетістікке ие болған «А.Л.Ж.И.Р.» спектаклінің қойылымы көрсетілді. Жұмыстарына, сондай-ақ оның қабырғаларынан тыс кезеңде де жауапты заңгерлер, спектакльге баруға бірнеше күн бұрын дайындалды. Тарихи құжаттар зерттеліп, деректі фильмдер қаралып, А.Л.Ж.И.Р. тұтқындарының көрнекті күйеулерінің тұлғалары туралы – олардың ішінде Тұрар Рысқұлов,  Темірбек Жүргенов,  Бейімбет Майлин,  Жұмат Шанин және т.б. өмірбаяндарымен танысты.  Спектакль көрермендерге өте үлкен әсер қалдырды. Актерлардың асқан шеберлігімен сомдалған қойылым көрерменнің жүрегіне  жетті. Қанша қиын болса да, біз өткенімізді жадымызда сақтауымз керек, бұл біздің тарихымыз! Спектакльдің соңында театр актерлары Департамент қызметкерлермен жалпы суретке түсуге құрметпен келісті.