Жарияланған күні: 30.09.2016 10:03
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

 Зырян ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ықыласымен а.ж. 24 қыркүйегінде Зырян қ.  №1 мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен Орталық алаңда мүлік пен капиталды жария етуді насихаттау бойынша флешмоб өткізілді. Флешмобтың негізгі тақырыбы мүлік пен ақшаны жария етуге шақыру. Жарнаның аяқталуына санаулы күндер қалғаның ескере отырып, заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүлік пен капиталды ресми түрде көлеңкеден шығаруға асығу қажеттігіне назар аударылды. Флешмоб қатысушылары жария ету туралы барлық қажетті ақпараты бар жадынамалар таратты. 

Мемлекеттік кірістер басқармасында осылайша тұрғындарға барынша көбірек пайдалы мағлұмат жеткізсек деген пікір білдірді.

«Бұқаралық түсіндіру жұмыстарын өте белсенді жүргізудеміз: теледидардан видеороликтер, сюжеттер көрсетіледі, әлеуметтік желілерде, басылым баспаларында көптеген мақалалар мен материалдар орнатылған, радио мен жүгіртпе жолдардан хабарларндырулар берілсе де, Зырян ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына шет елдегі мүлік пен ақшаны жария етуге арыздар түскен жоқ», -  деп мәлім етті осы басқарма басшысы Шакенов Ержан Мырзаханұлы.

«Жеке тұлғалар кеңестер мен түсіндірулер алуға жүгінді, оларға жария етудің жеңілдетілген механизмі, тәртібі, жария ету субъектілеріне берілетін кепілдіктер туралы  толығымен жеткізілді.

Бірақ, мүлік пен капиталды заңдастыруға бірінші және өте қарапайым қадам жасауға бел бумай отыр. Олары бекер-ақ, өйткені "жасырын мүлік пен ақшаны" көлеңкеден шығару мүмкіндігінің мерзімі аяқталуға аз қалды.  

Мемлекет, пайда болу заңдылығын түсіндіре алмайтын мүлік пен ақшаны ашып көрсетуге мүмкіншілік берді, салықтық ауыртпашылықтан, жеке баптар бойынша жауапкершіліктен  босату арқылы алдымыздан шығып отыр.    

Осылайша, баршаңызды бірегей мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз және  өзініздің капиталыңызды қорғап, тыныштығыңызды қамтамасыз етіңіз. Өйткені алдыда жалпыға бірдей декларациялау да келіп жетеді, сонда міндетті түрде сұрақтар туындайды» - деп атап өтті  Ержан Мырзаханұлы.  

                                                    ШҚО МКД бас маманы А.К.Турлыбекова