Жарияланған күні: 12.03.2020 17:48
Өзгертілген күні: 12.03.2020 17:49

      Әрбір азаматтың жеке ғұмыры жасаған жасымен емес оның халыққа жасаған қызметімен өлшенетіндігі белгілі. Сондай азаматтың бірі Ерікжан Әбдірахманов. Екінші дәрежелі «Айбын»  ордені иегері, кеден қызметінің полковнигін балалары мен достары еске алып, ардагерлер арасында футзалдан турнир өткізді.

      Ерікжан Әбдрахманов-Ауғанстанда Кеңес Армия қатарында әскери жолын бастады. КСРО Қызыл Жұлдыз орденімен және бірқатар әскери, үкіметтік наградаларымен марапатталған. Кеден қызметінің дамуына сүбелі үлес қосқан арда азататты еске алу турнирі биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Футзал турнирінде сегіз команда сынға түсті. Команда арасында Ерікжан Әбдірахмановтың бауырлары, үзеңгілес достары мен бірге қызмет еткен ұжымдастары да бар. Олар арда азаматтың бойындағы ерекше қырлары туралы ескеліктерімен бөлісті. Еске алушылардың айтуынша мұндай турнир өткізу арқылы болашақ ұрпақ еліне қызмет еткен азаматтардан үлгі алады. Ойын соңында үздіктер анықталып, сыйлықтыр мен мақтау қағаздары табыс етілді.