Жарияланған күні: 03.06.2025 09:31
Өзгертілген күні: 04.06.2025 08:27

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен  «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауы өткізіп жатқанын хабарлайды. Байқаудың мақсаты – қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, уәждемесін көтеру және жұмыс барысында клиентке бағдарлану қағидаттарын нығайту.

Байқау  аясында,  2025 жылдың 30 мамыры мен 05 маусым аралығында  халықтық дауыс беру жарияланды. Дауыс беру үшін https://lidergosuslug.kz/kz сілтемесімен өтуге болады.

Байқауға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарынан:

1) «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша:

- Садыкова Диана Раипқызы – Глубокий ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы;

- Мурат Айнур Нурболатқызы – Алтай  ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

2) «Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша:

- Өскемен қаласы бойынша бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;

- Алтай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қатысуда.