Жарияланған күні: 25.04.2023 20:59
Өзгертілген күні: 25.04.2023 21:04

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Үздік байланыс орталығының операторы» байқауының қорытындысын шығарды.

 

Байланыс орталығының операторлары арасында жүргізілген тестілеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетудің уақтылылығы мен сапасы, байланыс орталығына түскен қоңырауларға жауап беру және жеткізілген көрсеткіштер арасында, «Ең үздік байланыс орталығының операторы» номинациясы бойынша, түсіндіру жұмыстары бөлімінің бас маманы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің байланыс орталығының операторы - Адамбаева Жазира Төлеуғалиқызы» танылды.

 

Жазира Төлеуғалиқызының мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 22 жылдан астам, мемлекеттік кірістер органдарында (салық органдарында) 2011 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді, оның ішінде 2012 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жұмыс атқаруда.

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің байланыс орталығының операторы ретінде күн сайын сенім телефонына қоңыраулар қабылдай отырып, Жазира Төлеуғалиқызы абоненттердің салық заңнамасы бойынша барлық сұрақтарына жедел және сапалы ақпарат беріп, тамаша нәтиже көрсетуде, ҚР ҚМКК цифрлық қызметтерін пайдалану туралы, жеке тұлғалардың банкроттығының өзекті мәселелері бойынша, жалпыға бірдей декларациялау және т.б.

 

Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөніндегі байланыс орталығының операторларына 20546 қоңырау түссе, оның ішінде оператор Ж.Адамбаеваға 7809 қоңырау немесе 38% түскен. Жазира Төлеуғалиқызының бағалаумен және оң бағамен қамту көрсеткіші ең жоғары (80% және 98%) екенін атап өткен жөн. Ағымдағы жылдың басынан бері 2 желі бойынша 723 қоңырау, 1 KGD желісі бойынша 1689 қоңырау, барлығы – 2412 қоңырау түсті.

 

Салтанатты түрде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерік Мұхамедқанапианұлы Татубаев, Жазира Төлеуғалиқызы Адамбаеваға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Құрмет грамотасын табыс етті.

 

Құрмет грамотасымен  құттықтаймыз, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!