Жарияланған күні: 27.09.2019 14:55
Өзгертілген күні: 22.11.2019 14:35

Әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылық мәніне жатпайтын, немесе осындай бола отырып қылмыстық құқықбұзушылық хабарлама тексеру барысында немесе әкімшілік құқықбұзушылық ісі бойынша ұсталмаған немесе тәлкіленбеген тауарлар болмаса осындай тауарлар және оның құжаттары  «Қазақстан Республикасының кедендік реттемелері туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 453 бабымен қарастырылған жағдайда кеден органдарымен ұсталады.

Ұсталған тауарларға қатысты әрекеттер «Қазақстан Республикасының кедендік реттемелері туралы» Қазақстан Республикасы Кодексімен және «Ұсталған тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану, сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден
түсетін сомаларды қайтару қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы
№248 бұйрығымен қарастырылған.

Ұсталған тауарлар және оның құжаттары ұсталу туралы хаттама толтыру жолымен ресімделеді. Ұсталған тааурлар және оның құжаттары кеден органдарымен тәлкіленеді және отыз күнтізбелік күн ішінде сақталады, ал тез бұзылатын тауарлар жиырма төрт сағатқа сақталады. Ұсталған тауарларды сақтау үшін уақытша сақтау қоймаларына немесе осындай тауарларды сақтау үшін жабдықталған және кеден органдарымен анықталған өзге орындарға орналастырылады.

Кодексітің 455 бабында көрсетілген тұлғалармен қажетсіз болған жағдайда және одан ары қолдануға жарайтын тауарлар «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ-ға берілуге жатады.

Ұсталған тауарларды сақтау бойынша шыққан шығынды ұсталған тауарлардың сатылуы бойынша төледеді.

 Ұсталған тауарлардың сатып-алу келісімін салып алушы және ұсталған тауарлардың иесімен қол қойылады. Ұсталған тауарлардың сатып-алу келісіміне қол қою қажеттілігі туралы хабарлама электронды аукционды қортындысы туралы хаттаманы алған күннен бастап бір күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік кірістер органына жолданады. Ұсталған тауарлардың иесі сатып-алу келісіміне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, немесе хабарлама жіберген күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде иесі келмесе. Ұсталған тауарлардың сатып-алу келісімін сатушы атынан мемлекеттік кірістер органының өкілі қол қояды.

Тез бұзылатын тауарларды өткізуді электронды аукцион жүргізбестен сату қызмет субъектілері арқылы уәкілетті заң тұлғасы «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ жүзеге асырады. Ұсталған тауарларды өткізу бойынша жүргізілген жұмыстардың қортындысы туралы ақпаратты, растау құжаттарымен тірге уәкілетті заңды тұлғасы «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ өткізілген күннен бастап бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік кірістер органына ұсынылады.  Сатып-алу келісіміне, комиссия келісіміне қол қойған күннен бастап, тауарларды одан ары сақтауға және тасымалдауға байланысты шығындарды сатып алушымен төленеді.