
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлерге оңайлатылған режимге өтіп үлгеру керектігін хабарлайды.
Өйткені 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап патент үшін арнаулы салық режимі негізінде жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің тізімі қысқартылады.
Қызмет түрлерінің тізімі:
- сылақ жұмыстары;
- ағаш шеберлігі және ағаш ұстасы жұмыстары
- еденге жабын төсеу және қабырғаларды қаптау жұмыстары;
- сырлау және шыны жұмыстары;
- такси қызметі;
- автомобиль көлігімен жүк тасымалдау;
- сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
- фотография саласындағы қызмет;
- аударма (жазбаша және ауызша) ісі;
- мүліктік жалдауға (жалға) беру
- автокөлікті жалға алу және жалға беру;
- ойын-сауық және спорттық құрал-саймандарды жалдау және жалға алу;
- бейне жазбалар мен дискілерді жалға беру;
- жеке тұтынатын өзге заттарды және тұрмыстық тауарларды жалға беру және жалға алу;
- ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру;
- өзге де кеңсе машиналарын және жабдықты жалға алу және жалға беру;
- спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыратын мамандар білімі;
- мәдениет саласындағы білім беру;
- басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге түрлері;
- қосалқы білім беру қызметі;
- өнер саласындағы қызмет;
- компьютерлер мен шалғай жабдықтарды жөндеу;
- коммуникациялық жабдықтарды жөндеу;
- жеке тұтынатын заттарды және тұрмыстық тауарларды жөндеу;
- шаштараздардың қызметтері;
- маникюр мен педикюр қызметтері;
- ветеринарлық қызмет;
- жер өңдеу бойынша қызметтер;
- тұрғын үй ғимараттарын тазалау, жинау бойынша қызметтері;
- базарлардағы, бекеттердегі тасушылардың қызметтері;
- музыкалық аспаптарды жасау және жөндеу қызметтері;
- үй жануарларын жайылымда бағу.
Өзіңіздің айналысатын қызмет түріңізді көрмедіңіз бе, тез арада мемлекеттік кірістер органына оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режиміне өтуге өтініш беріңіз.
2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап режимді өзгертпегендер жыл бойы салық заңнамасына сәйкес өзгертуге болмайтын жалпыға бірдей белгіленген режимге автоматты түрде ауысады.
Сонымен қатар 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап арнаулы салық режимі патент негізінде өз қызметін жүзеге асыратын тұлғалар бақылау касса машинасын қолдануға міндетті екенін хабарлайды.
ШҚО бойынша Түсіндіру жұмысы басқармасы.