
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
БАСПАСӨЗ - ХАБАРЛАМАСЫ
Үш компонентті интеграцияланған жүйенің артықшылықтары
ТреҮш құрамдасты интеграцияланған жүйе (ҮИЖ) жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындалуын және есепті жүргізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін ҮИЖ пайдаланған кезде 2021 жылы жартыжылдық үшін шекті кіріс сомасы 70,1 млн.теңгеден 274,4 млн. теңгеге дейін ұлғайды, қосылған құн салығы бойынша есепке қою үшін ең төменгі айналым 87,5 млн. теңгеден 420,5 млн. теңгеге дейін ұлғайды.
Бұл ұлғаю ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылады.
Бұдан басқа, ҮИЖ салық есептілігін қалыптастыруға және жіберуге мүмкіндік береді, сондай-ақ есептелген және төленген салықтар бойынша деректерді алу мүмкіндігін, электрондық шот- фактуралар және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуді және т. б. қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта ҮИЖ бірыңғай тізіліміне ҮИЖ 3 моделі енгізілді. ҮИЖ бірыңғай тізілімімен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтында танысуға болады.
ҮИЖ тіркеу өтініш негізінде салық төлеушінің кабинеті арқылы жүргізіледі