Жарияланған күні: 21.04.2016 16:51
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен ағымдағы жылдың 20 сәуірінде мүлікті және ақшаны жария ету бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында, Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Раддим Худжамжаров негізгі назарды ақшаны жария ету тәртібінің мағыналы женілдетілгеніне бөлді. Енді, жаңа Заңға сәйкес, ақшаны бұрынғыдай 5 жыл ағымында қаржы ұйымдарында сақтаудың қажеті жоқ, және ақша   отандық  банктердің шотына аударылса алымның төленуі талап етілмейді, немесе банктік шотқа салмай, 10%-дық алым төлеу арқылы заңдастыруға болады. Екі жағдайда да салық қызметі органына арнайы декларация тапсырылатындығын хабарлады.

Сондай-ақ, Раддим Акильжанович, шет елдегі мүлік бойынша құндық бағаны растау керек еместігін мәлімдеді. Ол үшін, жария ету субъектісі мүлік құнын өзі анықтап, осы құннан 10% алым төлеп, сәйкес құжаттарды қоса табыс ете отырып арнайы декларацияны мемлекеттік кірістер органдарына тапсырады. Сонымен қоса, ҚР аумағында орналасқан, басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне рәсімделген объектілер бойынша алым төленбейді.

Раддим Худжамжаровтың айтуынша, Ұлан ауданында бүгінгі күні құндық бағасы 19млн.теңгеден асатын тіркелмеген мүлікті заңдастыруға түскен 32 арыздың 17-сі бойынша Әкімдіктегі Комиссиямен оң шешім қабылданып, 3 арыз қарастырылуда, 12 арыз талаптарға сәйкес келмеу себебімен қайтарылды. Тіркелмеген мүлікті жария етуде Жарнаның ерекшелігі, бірнеше мекемелерге жүгінудің  қажетсіздігі, алымның  жоқ болуы. Сонымен қатар,  Ұлан ауданы бойынша басқармаға шет елдегі мүлік пен ақшаны жария етуге арыз түспеген.   

Брифингті қорытындылай келе, - «Жария ету субъектілеріне кепілдіктер мен рақымшылықтар мемлекетпен қамтамасыз етіледі. Мүлік пен капиталды заңдастыру үшін  мемлекетпен берілген қолайлы жағдайды жіберіп алмай,  жария етудің жеңілдетілген нормаларын пайдаланыңыз,  өйткені жарна аяқталған соң, жасырын мүлік пен капитал анықталып, оның пайда болу табиғатың дәледей алмаған жағдайда, заң алдында жауап беруге тура келеді. Өйткені, мүлік пен капиталды көлеңкелі экономикадан шығару және оны заңдастыру экономика тұрақтылығының және кез-келген мемлекеттің табысты дамуының түйінді көрсеткіші болып табылады» - деп, Р.  Худжамжаров атап өтті.