Жарияланған күні: 28.04.2018 17:47
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

 

Тұрғын үй-жайларды жалға беретін тұлғаларды анықтау

 

          Жекелеген қазақстандықтар үшін, тұрғын үйді жалға беру – тұрақты қосымша табыс көзі болып табылады. Бірақ бұл ретте, салық міндеттемесі туындайды. Жасыратыны жоқ, бұл кәсіпкерлік түрінен салық төлейтіндер саны айтарлықтай аз.

          Адал емес жалға берушіні  анықтау тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе ақпаратты пәтер иесімен қақтығыс пайда болғаннан кейін, жалға алушылардың өздері немесе көршілері жеткізеді.

          Өз кезегінде, Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасының нормаларын сақталуын, салық төлемдерінің түсу толықтығы мен уақтылығын қаматамасыз ету мақсатында, мемлекеттік органдармен осындай тұлғаларды анықтау бойынша бірлескен іс-шаралар  жүзеге асырылады.

         Сондықтан, Шығыс Қазақстан облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментімен, уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлескен іс-шаралар нәтижесінде 2017 жылдың 12 айында  пәтерін жалға берумен айналысатын 1 203 тұлға анықталды, оның ішінде:

  • 498 салық төлеушілерді мемлекеттік кірістер органдарында есепке қойылған;
  • 705 жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша  декларация тапсырды (240.00 - нысан);

          Бюджетке қосымша түсімдердің  жалпы соммасы 34,6 млн.теңгені құрады.      Осылайша, жалпы ереже мынадай: жалға беруден табыс алдың- салық төле.

         Сонымен қатар, тұрғын үйді жалға беру кезінде, салық салуды оңтайландыруға болады. Жалға берушінің мәртебесіне қарай, тапқан табыстан алынған салықты төлеу әр түрлі болуы мүмкін. Пәтерді жалға беру кезінде (жалдауға), әрбір салық төлеушіге дербес, ең қолайлы нұсқаны таңдау маңызды.

         I -нұсқа.   Жалға беруші - жеке кәсіпкер.

          Қазіргі таңда,  дара  кәсіпкер  ретінде  тіркелу  хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады.   Салық кодексінің 79 бабына сәйкес, дара кәсіпкер  ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға  Қазақстан  Республикасының  рұқсаттар  және  хабарламалар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен салық органына хабарлама жібереді.

           II – нұсқа.  Жалға беруші - жылдың қорытындысы бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны жеке тұлға ретінде ұсынады.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді  қаламасаңыз, онда жылдың қорытындысы бойынша, тапқан табыстан салық органына тұрғылықты жері (тіркелімі) бойынша Декларацияны табыс ету қажет болады.(240.00-нысан).

Бұл жағдайда, жеке табыс салығының ставкасы жылжымайтын мүлікті жалға беруден алынған табыстың жыл көлеміндегі мөлшері 10% - құрайды.

Сондықтан, Шығыс Қазақстан облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменті, өткізілетін іс-шаралар шеңберінде, барлық кәсіпкерлік субъектілеріне салық міндеттемелерін  адал орындау қажеттігі туралы хабарлайды. Салық міндеттемелерін орындаудан жалтаратын, сіздің қалтаңыздың толтырылғаны туралы тек елесін жасайды. Ал әкімшілік бұзушылық анықталған жағдайда, әкімшілік заңнамасына сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Есіңізде болсын, сіздің салық төлемдеріңіз аймақтың және бүкіл елдің экономикасын дамытуға қызмет етеді, толық қазына – мықты ел!

Соңында, пәтерін жалға тапсыратын тұлғалар бойынша кез-келген ақпаратты, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына хабарлауды сұраймыз.