Жарияланған күні: 10.09.2025 17:25
Өзгертілген күні: 10.09.2025 17:31

Төлем көзіндегі КТС – мемлекеттік бюджет кірісінің маңызды көздерінің бірі. Ол Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместердің кірістерінен ұсталады.

Салықты кім ұстайды:Резидент заңды тұлғалар мен ұйымдар резидент еместерге табыс төлеген кезде салық агенті ретінде КТС ұстайды.

Салық мөлшерлемелері:

      •        20% – белсенді кірістерге және оффшорлық аймақтардағы компаниялардың кірістеріне;

      •        15% – дивидендтерге, сыйақыларға, роялтиге және тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына;

      •        5% – қайта сақтандыру шарттары мен халықаралық тасымалдауға.

Салықты бюджетке аудару мерзімдері:

      •        Төленген кірістер бойынша – төлем жасалған айдан кейінгі 25 күннен кешіктірмей;

      •        Есептелген, бірақ төленбеген кірістер бойынша – КТС декларациясын тапсыру мерзімінен кейінгі 10 күн ішінде;

      •        Алдын ала төлем кезінде – кіріс есептелген айдан кейінгі 25 күннен кешіктірмей.

Есептілікті тапсыру:

КТС бойынша есепті салық агенті тоқсан сайын тапсырады:

      •        I–III тоқсандар үшін – келесі тоқсанның екінші айының 15-іне дейін;

      •        IV тоқсан үшін – келесі жылдың 31 наурызына дейін.