
Құрметті салық төлеушілер!
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба 2023 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартылғанын хабарлайды.
Пилоттық жоба шеңберінде ЕАЭО елдерімен өзара саудада экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде ТІЖ ресімдеу көзделген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы ЕАЭО елдерімен қиылысқанға дейін ТІЖ ресімдеу қажет.
Пилоттық жоба ТІЖ-ны міндетті түрде енгізуге біркелкі көшуді қамтамасыз етуге бағытталған және салық төлеушілердің ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуіне, олардың есеп жүйелерін және сатып алушылармен және жеткізушілермен өзара әрекеттесуін орнатуға арналған.
ТІЖ ресімдеу тәртібін сақтау және ресімдеу жөніндегі нормалар Салық кодексінің 176-бабында айқындалған.
Пилоттық жобаны жүргізу кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.
ЕАЭО елдерімен өзара саудадағы сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларын пилоттық жоба шеңберінде ТІЖ ресімдеуді жүзеге асыруға шақырамыз.