
2023 жылғы 02 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілермен және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен «ТІЖ-ды рәсімдеу және виртуалды қоймада жұмыс істеу ережелері» тақырыбында конференция өткізді.
Спикерлер ретінде Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Евгений Александрович Мищенко, Акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Манарбек Жанұзақұлы Байділдин, ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС-ғын әкімшілендіру басқармасының бас маманы Салтанат Саурбекқызы Данебаева сөз сөйледі.
Семинар барысында салық төлеушілерге ТІЖ-ды рәсімдеу және ЭШФ жазып беру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді, сондай-ақ тақырып аясында жиі қойылатын сұрақтарға толық қамтылған жауаптар берілді.
ТІЖ-ды рәсімдеу, ЭШФ жазып беру бойынша бейнеконференциялар апта сайын бейсенбі күндері сағат 11.00-де Zoom платформасы арқылы өткізіледі, конференцияның сәйкестендіргіш нөмірі: 5183700355, қосылу коды:123456.