
2022 жылғы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілермен және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен «ТІЖ-ды рәсімдеу және виртуалды қоймада жұмыс істеу ережелері» тақырыбында конференция өткізді.
Спикерлер ретінде Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Евгений Александрович Мищенко, Акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Манарбек Жанұзақұлы Байділдин, ҚҚС-ын әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Татьяна Семеновна Гутова сөз сөйледі.
Семинар барысында салық төлеушілерге ТІЖ-ды рәсімдеу және ЭШФ жазып беру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді, сондай-ақ тақырып аясында жиі қойылатын сұрақтарға толық қамтылған жауаптар берілді.
ТІЖ-ды рәсімдеу, ЭШФ жазып беру бойынша бейнеконференциялар апта сайын бейсенбі күндері сағат 11.00-де Zoom платформасы арқылы өткізіледі, конференцияның сәйкестендіргіш нөмірі: 5183700355, қосылу коды:123456.