Жарияланған күні: 09.09.2020 16:32
Өзгертілген күні: 09.09.2020 16:38
       Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 1 қазанынан бастап темекі өнімдерін таңбалауды енгізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
Инновацияның мақсаты:
 - пакетке цифрлық сәйкестендіру кодын қолдану арқылы өндіруші мен импортердан соңғы тұтынушыға дейін тауарлардың қадағалануын жүзеге асыру;
- тауарлардың растығын растау;
- Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелуге, темекі өнімдері (оның ішінде контрафактілік) өндірісі мен айналымына қарсы іс-қимыл;
- темекі өнімдерінің айналымына қатысушылардың темекі өнімдері айналымы мен өндірісінің заңдарда көзделмеген схемаларын пайдалануды болдырмау мақсатында өзара іс-қимылы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95  қаулысымен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы ретінде анықталды.

Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі темекі өнімдерінің өндірушіден тұтынушыға дейінгі айналымының барлық кезеңдерін қамтиды. Әр кезеңде субъектілер таңбалау кодын оқиды, тұтынушыға темекі өнімдерін сатқаннан кейін код айналымнан шығарылады. Сонымен бірге темекі өнімдері айналымына қатысушылардың таңбалау кодтарын оқитын 2D сканерлері болуы керек.

Темекі өнімдерінің таңбалануы туралы ақпаратты алуға және 2D сканерлерге тапсырыс беруге келесі сайттардан болады: https://markirovka.ismet.kz; https://t.me/markirovkaKZ; https://www.instagram.com/markirovka.kz.

Анықтама үшін телефон 8 (800) 080 65 65, кез келген оператор үшін қоңырау шалу тегін.