Жарияланған күні: 25.04.2022 09:15
Өзгертілген күні: 25.04.2022 09:16

СЭҚ қатысушылар мен кедендік өкілдердің назарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабы 5-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы   29 наурыздағы № 54 шешімен Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешіміне, яғни «Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне» мынадай мазмұндағы Х5-бөліммен толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізілді:

 «Х5. Кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген не шығаруды кеден органдары Кодекске сәйкес жүргізбеген, бұл кедендік баждарды, салықтарды төлемеуге немесе тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын сақтамауға әкеп соққан және кеден органдары осы тауарларды кедендік аумақта сатып алған тұлғалардан анықтаған тауарларды кедендік декларациялау кезінде ТД толтыру ерекшеліктері».

 7 бағанда «Анықтама нөмері» және тауарларды кедендік декларациялау кезінде ТД толтыру ерекшеліктерінің классификаторына сәйкес «НВТ» деп көрсетіледі.

Осы Шешім 2022 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді (Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында 2022 жылғы 1 сәуірде жарияланған).

 

                                                                              Майқапшағай» кеден бекеті