Жарияланған күні: 25.09.2023 18:23
Өзгертілген күні: 25.09.2023 18:23

ЕЭК Кеңесінің 13.07.2018 жылғы № 49 шешімімен бекітілген тауарлардың шығу тегін айқындаудың преференциялық емес қағидаларында декларанттың тауардың шығу тегіне байланысты ішкі нарықты қорғау шаралары (арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары) қолданылатын тауарларға ұқсас тауарларды декларациялау жағдайында тауардың шығу тегі туралы сертификат беру арқылы тауарлардың шығу тегін растау міндеті белгіленген. Сондай-ақ, ережелерде тауарлардың шығу тегі туралы сертификатқа қойылатын талаптар, онда көрсетілуі керек ақпарат тізімі бекітілген.

2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарттың 37-бабының 2-тармағына сәйкес ЕЭК Кеңесінің 13.07.2018 жылғы №49 шешімімен бекітілген, ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылуын айқындау ережелері (тауарлардың шығарылуын айқындаудың преференциялық емес ережелері): 

- тарифтік емес реттеу шаралары;

- ішкі нарықты қорғау шаралары (ЕАЭО туралы шарттың 50-бабында көзделген арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы және өзге де шаралар.);

- мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру;

- тауарлармен сыртқы сауда статистикасын жүргізу;

- тауарлардың шығу тегін таңбалауға қойылатын талаптарды белгілеуді қолдану мақсаттары үшін преференциялық емес сауда жағдайында оны ЕАЭО кедендік аумағына әкелу кезінде тауардың шығарылуын айқындау үшін қолданылады.

ЕАЭО КК 29-бабының 6-тармағына сәйкес, преференциялық емес ережелер тауардың шығу тегі туралы мынадай құжаттарды пайдалануды көздейді:

1) тауардың шығарылған жері туралы декларация;

2) тауардың шығылған жері туралы сертификат.

Тауардың шығарылған жері туралы сертификат - тауардың шығарылған жері туралы куәландыратын және тауар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кедендік одағының, ел өңірінің немесе бір бөлігінің) уәкілетті мемлекеттік органы немесе уәкілетті ұйымы немесе әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында немесе әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін - тауардың әкетілетін елін (елдер тобын, елдердің кедендік одағы, ел өңірі немесе бір бөлігін) анықтау қағидаларында белгіленген жағдайларда берілген белгілі бір нысандағы құжат (ЕАЭО КК 31-бабының 1-тармағы).

Тауардың шығу тегіне байланысты ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылған жағдайда, жалпы кедендік құны 1500 еуродан аспайтын, ал 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 200 еуродан аспайтын бір көлік құжаты бойынша бір алушының атына бір жөнелтушіден әкелінетін ұқсас тауарлардың шығу тегі тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталмайды.