Жарияланған күні: 23.05.2023 14:44
Өзгертілген күні: 23.05.2023 14:46

Номенклатурада жіктеу объектісі халықаралық саудада айналысқа түсетін барлық тауарлар болып табылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН)  сәйкес тауарларды сыныптау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (бұдан әрі – СЭҚ қатысушылары) үшін неғұрлым өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Біріншіден, кедендік әкелу/әкету бажының мөлшерлемесі, тиісінше төленетін кедендік төлемдердің мөлшері, тарифтік емес шараларды, тыйым салулар мен шектеулерді тауарлар мен көлік құралдарына қолдану ЕАЭО СЭҚ ТН қандай жіктеу кодына жатқызылатынына байланысты болады.

Екіншіден, тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН белгілі бір жіктеу кодына жатқызу көбінесе арнайы техникалық білімнің болуын және тауарлардың техникалық сипаттамаларын, оны өндіру тәсілдерін және т.б. анықтауға байланысты қосымшасараптамалар жүргізуді талап етеді.

Үшіншіден, тауарларды жіктеудің дәлдігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік саясатын әзірлеу және тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу және бақылау процесінде оны іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдау кезінде пайдаланылатын сыртқы сауданың объективті кедендік статистикасын арттыру үшін де үлкен маңызға ие.

Тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес жіктеу олардың цифрлық жіктеу кодтарын айқындауды білдіреді, яғни, тауарларды СЭҚ ТН-ның нақты тауар позицияларына, субпозицияларына, қосалқы субпозицияларына тиісті сандық кодтарымен жатқызу және тауар позицияларының мәтіндері мен бөлімдерге немесе топтарға тиісті ескертпелер негізге алына отырып, және егер мұндай мәтіндерде өзгеше көзделмесе, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидаларының ережелеріне (бұдан әрі – СЭҚ ТН ТНЕ) сәйкес жүзеге асырылады.

ТНЕ белгілі бір деңгейге кодталған белгілі бір классификациялық топтастыруға нақты тауарды бір мәнді жатқызуды қамтамасыз етуге арналған. Бұл тауарларды жіктеудегі әрекеттерді алгоритмдеудің бір түрі.

Алғашқы бес ТНЕ белгілі бір тауарды белгілі бір тауар позициясына (ТНЕ 1-5) енгізуді, содан кейін тиісті субпозицияға, кіші субпозицияға енгізудің алтыншы ережесін (ТНЕ 6) колдануды көздейді.

Алтыншы ереже белгілі бір шарттар орындалған  кезде алғашқы бес ереженің қолданылу аясын көңейтеді.Демек,тауарларды жіктеу  туралы шешімдер ЕАЭО СЭҚ ТН-на бекітілген өлшемшарттарды ескере отырып, тауарларды жіктеу жөніндегі ұстанымды негіздеу тұрғысынан пысықталуы тиіс.

ЕАЭО комиссиясы тауарларды жіктеу кезенде ЕАЭО  біріңғай ЕАЭО СЭҚ ТН түсіндірудің біркелкілігін қамтамассыз ету мақсатында, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы 522 шешімімен бекітілген тауарларды жіктеу кезінде бірыңғай ЕАЭО СЭҚ ТН қолдану тәртібі туралы ереже әзірледі.

ЕАЭО СЭҚ ТН он таңбалы кодының құрылымы ондық жүйе бойынша құрылған және топтың, тауар позициясының, субпозицияның және қосалқы субпозицияның кодын қамтиды және әрбір белгі 0-ден 9-ға дейін өзгеретін (түрленетін) сандардың мынадай тобына ие. Тауарлар тобына алғашқы екі сан, тауар позициясы – төрт сан, субпозиция – алты, ал субпозиция-он сан кіреді.

Кеден органдары тұлғалардың өтініші бойынша тауарларды жіктеуді олар кедендік декларацияланғанға дейін ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешімдер және Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды жіктеу туралы шешімдер қабылдау жолымен жүзеге асыра алады (ҚР КК 41-бабының 1-тармағы).