Жарияланған күні: 31.03.2021 15:36
Өзгертілген күні: 31.03.2021 15:40

Бұл тақырыпқа "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Кодекс) тұтас тарау берілген, онда біз бүгін негізгі тармақтарды бөліп көрсетеміз.

Біріншіден, тауарларды шығару дегеніміз – кеден органының әрекеті, ол жасалғаннан кейін мүдделі тұлғалар тауарларды мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес пайдалануға немесе осы Кодекске сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын, жекелеген тауар санаттарына қатысты белгіленген тәртіппен және шарттарда пайдалануға құқылы болады.

Кодекстің 19-тармағына сәйкес, тұлға тауарларды мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын немесе Одақ туралы шартқа және (немесе) осы Кодекске сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау сияқты шарт тауарлар шығарылғаннан кейін расталуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес кедендік рәсіммен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттарын пайдалану үшін белгіленген шарттарды сақтаған кезде кеден органы тауарларды шығаруды жүргізеді. Тауарларды шығару кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, электрондық құжатты қалыптастыру арқылы не қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияда немесе қағаз жеткізгіште берілген тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініште тиісті белгілер қою арқылы ресімделеді.

Комиссия және Комиссия көздеген жағдайларда уәкілетті орган декларанттың уәжді өтініші бойынша кеден органы тауарларды шығарудың күшін жоюы мүмкін жағдайлар мен шарттарды айқындауы мүмкін. Тауарларды шығарудың күшін жою кеден органының ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып, электрондық құжат қалыптастыру арқылы не қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияда тиісті белгілер қою арқылы ресімделеді.

Тауарларды шығару мерзіміне қатысты – кедендік декларация тіркелген кезден бастап не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған кезден бастап төрт сағаттың ішінде, ал, егер кедендік декларация кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін төрт сағаттан аз уақыт қалғанда тіркелген не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың біреуі кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін төрт сағаттан аз уақыт қалғанда басталған жағдайларда, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап төрт сағаттың ішінде аяқтауға тиіс.

Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақыттың ішінде мынадай мән-жайлардың бірі:

1) кеден органының осы Кодекстің 410-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға сұрау салуы және (немесе) кедендік бақылауды өзге нысандарда жүргізу туралы не кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану туралы шешім қабылдауы;

2) декларанттың кеден органына осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы уәжді өтінішпен жүгінуі;

3) декларанттың кеден органының осы Кодекстің 183-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын орындамауы басталса, тауарларды шығару кедендік декларация тіркелген күннен не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.

Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларды шығару мерзімі:

1) осы Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, кедендік бақылауды жүргізу немесе басталған кедендік бақылауды аяқтау;

2) кеден органының осы Кодекстің 183-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талабын орындау;

3) осы Кодекстің 195 және 196-баптарына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну үшін қажет уақытқа ұзартылуы мүмкін.

Тауарларды шығару мерзімі кеден органы басшысының, ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың рұқсатымен ұзартылады. Тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде тауарларды шығаруды кеден органы, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларация тіркелген күннен не осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлардың бірі басталған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауға тиіс.

Кодекстің 201 бабына сәйкес, Кеден органы мынадай:

1) кеден органы тауарларды шығарған кездегі шарттардың, оның ішінде осы Кодекстің 194, 195, 196 және 197-баптарында көзделген, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарларға, халықаралық тасымалдау көлік құралдарына және керек-жарақтарға қатысты шарттардың орындалмау;

2) кеден органының осы Кодекстің 183-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) туралы талаптарының орындалмау;

3) алдын ала кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 185-бабының 7-тармағында көзделген мән-жайлардың басталу;

4) мерзімді кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 187-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген осындай кедендік декларациялау ерекшеліктері сақталмау және (немесе) декларантта белгіленген мерзімде орындалмаған кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттің болу;

5) кеден органының талап етуі бойынша тауарды осы Кодекстің 193-бабының 3 және 6-тармақтарында белгіленген тауарларды шығару мерзімдері шегінде көрсетпеу;

6) осы Кодекстің 198-бабының 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларда тауарларды шығару мерзімінің қайта басталмау;

7) осы Кодекстің 410-бабының 2 және 7-тармақтарында көзделген талаптардың орындалмау;

8) жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген тауарлардың осы Кодекстің 339-бабының 4-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызылмау;

9) мынадай:

әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау үшін негіздер болып табылмайтын анықталған бұзушылықтар жойылған;

анықталған бұзушылықтар жойылған және декларацияланатын тауарлар алып қойылмаған және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынбаған;

декларантқа қатысты банкроттық туралы іс қозғалған жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тауарларға кедендік бақылауды жүргізген кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұзушылықтарды анықтау негіздері бойынша тауарларды шығарудан бас тартады.

Тауарларды шығарудан бас тарту электрондық құжатты қалыптастыру арқылы не қағаз жеткізгіштегі кедендік декларацияға немесе қағаз жеткізгіште берілген тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішке тиісті белгілер қою арқылы кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделеді. Тауарларды шығарудан бас тартуды ресімдеу кезінде осындай бас тарту үшін негіз болған барлық себептер көрсетіледі. Тауарларды шығарудан бас тартуға байланысты кедендік операцияларды кеден органы Комиссия айқындайтын тәртіппен тауарларды шығару мерзімі өткенге дейін жасайды.

Сонымен қатар, тауарлар шартты түрде шығарылуы мүмкін, яғни шартты шығарылым – тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулерді сақтау шартымен тауарларды шығару.

Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған тауарлар, оларға қатысты:

1) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер;

2) тыйым салулар мен шектеулерді сақтау Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін;

3) Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға (мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы халықаралық шарттарға) (бұдан әрі – Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттар) сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылған болса, шартты түрде шығарылған деп саналады.

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

                                 «Бахты» кеден бекетінің бас маманы Е.С. Агиманов