Жарияланған күні: 11.07.2019 18:20
Өзгертілген күні: 22.11.2019 10:31

Тауарларды өз еркімен декларациялау

        

         2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында тауарларды және көлік құралдарын «АСТАНА-1» АЖ-де электронды кедендік декларациялау еңгізілген.

         «АСТАНА-1» АЖ негізгі артықшылықтары:

         Кеңседен шықпай алдын ала ақпарат беруден бастап, тауарлардың шыққаннан кейін бақылауға дейін кез келген операцияларды өндіруге болады;

         Жуйе қолданушыларға тегін ұсынылады;

         Тауарларға арналған декларация автоматты түрде «Жасыл дәліз» арқылы шыққанда, кедендік бақылауды жүргізіп отырған лауазымды тұлғамен СЭБ қатысушы арасындағы кездесу мумкіндігі алынып тасталынады;

         «Жасыл дәліз» арқылы декларацияларды шығару мен өңдеу уақыты 2 минутқа дейін қысқарады;

         Бұл жүйеде делдалсыз (кедендік өкілдерсіз, брокерлерсіз) жұмыс істеуге болады;

 

         «АСТАНА-1» АЖ (тауарларды декларациялау модулінде) жұмыс бастау үшін, қажет:

         1 ҚАДАМ.

         Мына http://212.154.167.54:8080/index.jsf  ссылка бойынша өту;

2 ҚАДАМ.

JAVA-ны баптау керек. Ол үшін: Мәзірде ПУСК – ВСЕ ПРОГРАММЫ – JAVA – CONFIGURE JAVA таңдау қажет;

3 ҚАДАМ.

Ашылған терезеде келесі баптауларды жасау қажет. Security үстіңгі мәзіріндегі Exception site list бөліміне «АСТАНА-1» АЖ-не ерекшелікті таңдау қажет. Ол үшін Edit Site list-қа басамыз. Содан кейін ашылған терезеде Add тетігіне басып мына http://212.154.167.54:8080 электронды мекен-жайды жазу қажет, келесі ОК.

4 ҚАДАМ.

Содан кейін сыртқы қолданушыларға арналған  «АСТАНА-1» АЖ жазып қосылу қажет.

Ол үшін «ПОДКЛЮЧИТЬСЯ К ТАМОЖЕННОЙ СИСТЕМЕ ИЗ ИНТЕРНЕТА» деген тетікке басу керек.

Содан кейін сізге файлды сақтау ұсынылады.

ОК тетігіне басамыз.

Жүктеп алғаннан кейін, бұл файл қосылуға дайын болады.

Егер сіз барлығын дұрыс істесеңіз, жүктеп алған файлды іске қосқанда AWhqLO_OUT.jnlp логин және пароль еңгізетін терезе ашылады.

Жүйемен жұмыс істеуге қатынау алу үшін, ШҚО бойынша МКД АТБ-не логин және пароль беру туралы өтініш (өз еркімен жазылады) беру керек (анықтама тефен: 26 19 67).

Қажетті құжаттар тізімі:

СЭБ қатысушысына:

Қызметкер туралы барлық деректер көрсетілген ресми түрде сурау (ТАЖ, ЖСН, мекен-жайы, тел., e-mail және т.б.):

         Жеке куәлік көшірмесі;

         Сенімхат (қызметкерге);

         Тағайындалу туралы бұйрық (басшысына);

Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (БСН);

Кедендік өкілдерге:

Қызметкер туралы барлық деректер көрсетілген ресми түрде сурау (ТАЖ, ЖСН, мекен-жайы, тел., e-mail және т.б.):

         Жеке куәлік көшірмесі;

         Кедендік өкілдер реестрна еңгізілу туралы бұйрықтың көшірмесі.

«АСТАНА-1» АЖ жұмыс істеу үшін ХҚАО-да ЭСҚ алу керек (заңды тұлғаларға сол заңды тұлғаға бекітілумен).

         ЭСҚ, логин және пароль алғаннан кейін, «АСТАНА-1» АЖ-да делдалдарсыз өз еркімен жұмыс істеуге болады. 

 

 

ҚР ҚМ МКК ШҚО бойынша МКД «Өскемен – Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекеті