Жарияланған күні: 23.10.2024 17:56
Өзгертілген күні: 23.10.2024 17:57

2024 жылғы 24 қазанда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыстың басқа да мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қатар Алтай ауданының Серебрянск қаласында Шығыс Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы "мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ" жобасына қатысты.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге жәрдемдесу мақсатында Серебрянск қаласының тұрғындарына өз сұрақтарын қоюға және тегін заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік берілді.

Іс-шара барысында семинар өткізілді, онда Департаменттің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова жалпыға бірдей декларациялау, онлайн - БКМ қолдану туралы тақырыпта сөз сөйледі, «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал» акциясымен таныстырды, салық заңнамасы шеңберінде мүліктік табыс және басқа да мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді.