Жарияланған күні: 10.11.2021 18:38
Өзгертілген күні: 10.11.2021 18:39

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ең қауіпті және кең таралған әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың біріне жатқызылуы мүмкін, оның зиянды әсері мемлекеттік құрылым мен дәстүрге қарамастан кез келген елде сезіледі. Бірде-бір мемлекет сыбайлас жемқорлықты толығымен жоя алмады, бірақ қоғамның сыбайлас жемқорлық шегін төмендетуге болады.

Қазақстан Республикасы - ол дамудың бастапқы кезеңдерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске көп көңіл бөлген пост кеңестік кеңістіктегі алғашқы ел және 1998 жылы 2 шілдеде № 267-І «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Сонымен қатар, 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде лауазымды адамдар жасаған қылмыстар «Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар» 13 тарауда бекітілген. 1998 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың мемлекеттік қызметке кіруін шектеуге байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар нормалар бекітілген, мемлекеттік қызметшілерге жаза қолдану тәртібі айқындалған.

Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мемлекеттік басқарудың жоғары деңгейінде үлкен көңіл бөлінуде. Біздің елімізде қазіргі заманға сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істейді, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар әзірленді және іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы маңызды үрдістерді «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және Қазақстан халқына Жолдаулары қалыптастырды, онда Бірінші Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қауіпсіздіктің тікелей қаупі болатын сыбайлас жемқорлықты жою бойынша нақты мақсаттар мен міндеттер қойды, осы бағыттағы жалпы күш-жігерді біріктірудің өзекті бағдарлары мен қағидаттары белгіленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда негізгі екпін жүйелі профилактикалық жұмысқа және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиімді шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, соттардың және құқық қорғау органдарының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі аса маңызды басымдық олардың халықпен, бизнеспен, азаматтық сектормен, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықпен және БАҚ-пен белсенді өзара қарым-қатынасы болды.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктерді заңсыз алу жүріп жатыр, оның нәтижесі қоғам мүдделерін бұзу және мемлекеттік билік беделін төмендету болып табылады.

Сондықтан мемлекет қызметтік өкілеттіктерді пайдакүнемдік мақсатта пайдалануды тиімсіз және мүмкін емес болатындай барлық шараларды қабылдап, одан әрі де жағдай жасайтын болады.

Сыбайлас жемқорлық қоғам өмірінің барлық салаларына: экономикаға, әлеуметтік салаға, саясатқа кері әсерін тигізеді. Осы құбылыстан туындайтын теріс салдарлар қоғамның прогрессивті, үдемелі дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, елдің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне елеулі қатер төндіреді.

Сыбайлас жемқорлық жаңа заманауи жағдайларға бейімделе отырып, онымен күресу тәсілдерін үнемі өзгертуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлық ауқымы өсе келе, елеулі қауіп төндіреді. Ол азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін бұзады, нәтижесінде тәуелсіз мемлекет ретінде елдің өмір сүруіне қауіп төндіреді, сондықтан осы әлеуметтік қолайсыз құбылысқа қарсы тұру - мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың міндеті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын құру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде түсіну және қабылдамау – бүкіл қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі.

 

 

                                                                                                             ҚР ҚМ МКК ОКЗ

                                                                                                             Өскемен  қаласындағы

                                                                                                             физика-химиялық

                                                                                                             зерттеулер бөлімінің

                                                                                                             бас маманы А.Курумбаева