
2025 жылдың 15 сәуірінде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алаңында студенттер мен оқытушылармен кездесу өткізді, онда "Жеке тұлғалардың банкроттығы"тақырыбындағы сұрақтар жарияланды.
Кездесу аясында Департаменттің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері, олардың артықшылықтары туралы айтып, осы тақырып бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді.
Сөз соңында С. Аманжолов атындағы ШКУ өкілдері спикерге өз алғыстарын білдірді.