Жарияланған күні: 19.03.2025 16:36
Өзгертілген күні: 19.03.2025 16:39
2025 жылғы 18 наурызда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алаңында студенттер мен оқытушылармен кездесу өткізді, онда "жалпыға бірдей декларациялау"тақырыбындағы сұрақтар қамтылды.
 
Кездесу аясында Департаменттің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова жалпыға бірдей декларациялау туралы, есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдері туралы айтып, осы тақырып бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді.
 
Сөз соңында С. Аманжолов атындағы ШКУ өкілдері спикерге өз алғыстарын білдірді.