
2023 жылғы 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер органдарының пайдалы және қызықты контентін құру мақсатында SMM саласындағы сарапшы Жадыра Изекованың қатысуымен «SMM. 2023 жылғы мобилографияның басты трендтері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Іс-шараға Департаменттің және Өскемен қаласы бойынша МКБ-ның қызметкерлері қатысты.
Семинар - тренингті Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Назерке Серікбек ашып, Мемлекеттік кірістер органдарының бедел - бейнесін қалыптастыруда SMM саласы бойынша білімді тереңдету мен мобилографияның өзектілігі туралы атап өтті.
Мемлекеттік кірістер органдарының қазіргі заман талабына сай баспасөз қызметі өкілдерінің міндеті әлеуметтік желілер арқылы халықтың салық саласы бойынша сауаттылығын, МКО-мен көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын, жергілікті және республикалық салық түсімдерінің толықтығын арттыруға бағытталған салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберіндегі өзекті ақпаратты сапалы және жедел ұсыну болып табылады.
Сабақты SMM саласындағы сарапшы Жадыра Изекова өткізді.
Семинар аясында спикер мобилография негіздерімен, әлеуметтік медиада ақпаратты ілгерілетуді автоматтандыруға мүмкіндік беретін құралдармен таныстырды, мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне сенімділікті арттыру мақсатында салық төлеушілер үшін сапалы және қолжетімді визуалды контент өндірудің маңыздылығы туралы атап өтті.
Іс-тәжірибелік жұмыстар жүргізу барысында қатысушылар шолу бейнероликтерін жасауды, соның ішінде дұрыс түсірілім жасауды, ракурстарды таңдауды және бейнероликті өңдеу құралдарын пайдалануға үйренді.