Жарияланған күні: 15.03.2016 10:14
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

ШҚО Зайсан ауданында жаңа балабақша есіктерін қош ашты. Ұзақ уақыт бойы  ғимарат иесі оны заңдастыра алмады. Жария ету бойынша акцияны пайдаланып, объект іске қосылды. Бұл тек бүлдіршіндерді қабылдаумен қоса, жаңа жұмыс орындарының қалыптасуына ықпалын тигізді.

Аймақтың аумағында жария етілген жаңа объектілер туралы ШҚО ақпараттық орталығының пресс-конференциясында ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Роза Сейльханова мәлім етті.

Оның сөзі бойынша шығыс қазақстандықтар жария ету бойынша акциясына белсенді қатысуда. Ақшаны жария ету, шет елде орналасқан мүлікті заңдастыру жағдайлары тіркелген.

Жақында, Зайсан ауданында ұзақ уақыт бойы іске қосылмай тұрған балабақша ашылды. Оның иесі әр түрлі инстанцияларда ұдайы қиындықтармен кездесіп, объектіні заңдастыра алмады. Әр мекеменің өзінің қарау мерзімдері, талаптары бар, бұл өз қатарынан балабақашаның ашылуын шеттете берді.

- Мемлекетпен берілген бірегей мүмкіндікті пайдаланып, өтініш беруші балабақаша аша алды. Міне, мен тек қана бір мысал негізінде жария етудің ерекшеліктерін, артықшылықтарын айттым. Тұрғындар хабарлар болу үшін облыстың мемлекеттік кірістер органдарымен жергілікті орындаушы органдарымен бірлесе отырып, жария ету бойынша белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде,- деді Роза Сейльханова. Сондай-ақ, Аякөз ауданында коммерциялық объект осындай жолмен заңдастырылғаның қоса айтты.

Айта кеткен жөн, жария ету үдерісі адамдарға сәйкес тіркелмеген объектілерді және жасырын мүлік пен капиталды заңдастыруға көмек көрсетеді.