









2025 жылғы 10 қазанда Өскемен қаласының тұрғындары үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша кең ауқымды семинар өтті.
Іс-шараға салық төлеушілер, бизнес өкілдері, консалтингтік компаниялар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары, БАҚ қатысты.
Семинар аясында Департамент өкілдері әділ салық салуды қамтамасыз етуге, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге, салықтық бақылауды цифрландыруға бағытталған ҚР Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерді егжей-тегжейлі атап өтті.
ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов жаңа Салық кодексі салық төлеу ережелері мен берешекті өндіріп алу шараларын қоса алғанда, салық салу жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізетінін атап өтті.
Семинар барысында Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Гульмира Карибаева корпоративтік табыс салығы және жер қойнауын пайдалану бойынша инновациялар туралы түсіндірді.
Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Асхат Жибитаев қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша өзгерістер, оның мөлшерлемелері, ҚҚС асып кеткен сомаларды есепке қою және қайтару туралы хабарлады.
Әрі қарай Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гульмира Сабралимова жеке табыс салығының үдемелі шкаласын енгізу туралы айтты: 8500 АЕК - ке дейінгі табыстарға 10%-дық мөлшерлемеде, одан жоғары – 15%-дық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Ол бұл салықтық әділеттілікті арттыратынын және табысы төмен азаматтарға жүктемені азайтатынын атап өтті. Сонымен қатар, стандартты шегерім 14-тен 30 АЕК - ке дейін, ал I-II топтағы мүгедектер үшін-5000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Камералдық мониторинг басқармасының басшысы Гульжанат Беркутова камералдық мониторинг және арнайы салық режимдерін реформалау мәселелеріне тоқталды.
Берешекпен жұмыс басқарманың басшысы Азамат Жақиянов қарыздарды өндіріп алу шараларына тоқталды. Оның айтуынша, 45 АЕК - тен жоғары берешек кезінде мүлікке тыйым салынуы, ал 27 000 АЕК-тен жоғары-шетелге шығуды шектеу мүмкін. Сонымен қатар, уақытша қиындықтары бар бизнес үшін кепілсіз кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Сондай-ақ, салық төлеушілердің мемлекетпен өзара әрекеттесуін жеңілдету мақсатындағы жеті қолданыстағы ақпараттық технологиялар жүйесін біріктіретін Салықтық әкімшілендірудің біріктірілген жүйесін іске қосу туралы жарияланды. Семинар соңында Департамент өкілдері салық төлеушілердің сұрақтарына жауап берді.




























