Жарияланған күні: 01.09.2023 18:35
Өзгертілген күні: 01.09.2023 18:36

2023 жылы 31 тамызында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында ШҚО бойынша ҰҚП «Атамекен», консалтингтік компаниялардың және салық төлеушілердің қатысуымен салық және кеден заңнамасының өзекті мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Гүлмира Сабралимова шараға қатысушыларды бөлшек салық, бір реттік төлем, электронды коммерция пилоттық жобасы, жалпыға бірдей декларациялау, цифрлық инновациялар бойынша арнайы салық режімін қолданудың артықшылығы туралы хабардар етті. Баяндамашы мүмкіндігі шектеулі балалардың заңды өкілдеріне және басқа санаттағы азаматтарға салықтық жеңілдіктеріне тоқталып, салықтық әкімшілендіру аясында жиі түсетін сұрақтарға тоқтады.

Одан әрі ШҚО бойынша «Өскемен-кедендік ресімдеу орталығы»  кеден бекетінің басшысы Руслан Нұрлыбеков семинар қатысушыларын кеден заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен таныстырды, сондай-ақ қатысушылардың назарына тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салуы туралы ақпаратын ұсынды. Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдері туралы қарызды басқару басқармасының басшысы Азамат Жакиянов айтып өтті. 

Іс-шараны қорытындылай келе, салық міндеттемелерін орындау және сақтау мақсатында, баяндамашылар ҚР ҚМ МКК «е-SalyqAzamat», «е-SaliqBusiness» мобильді қосымшаларының, «SalyqBot» чат-ботының және басқа да электрондық қызметтерінің артықшыларына тоқталды.

Сөз соңында салық төлеушілер ШҚО бойынша МКД өкілдеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, түсіндірмелері үшін алғыстарын білдірді.

Іс-шараға қатысушыларға мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық инновациялары туралы «e-SalyqAzamat»  «e-SalyqBusiness» «SalyqBot» «Біріңғай төлем» «Арнайы салық режимі бөлшек сауда салығы» және т.б буклеттері таратылды.