Жарияланған күні: 24.06.2025 18:03
Өзгертілген күні: 24.06.2025 18:05

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшісі күніне орай Өскемен қаласында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиын Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласында адал еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер марапатталып, олардың жұмысы кәсіби мереке аясында жоғары бағаланды.

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де бұл шараға белсене қатысып, марапат иелерінің қатарынан көрінді. Бұл департамент қызметкерлерінің адал еңбегі мен жоғары кәсібилігінің айқын дәлелі болды.

Мереке аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен облыс көлемінде бірінші орын алғандар марапатталды:

-«Сервистік қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша – Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы;

-«Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша – Глубокое ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Садыкова Диана.

Мемлекеттік кірістер органдарының ұжымы барша әріптестерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтап, адал қызмет пен жоғары жауапкершілік жолында зор табыс тілейді.