Жарияланған күні: 05.02.2020 17:00
Өзгертілген күні: 05.02.2020 17:48

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

ҚР ҚМ МКК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ     БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы бойыша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Бахты» кеден бекетінің өткізу пунктінде «Бахты» кеден бекетінің басшылары мен мамандары және «Бахты» кеден бекетінде өз қызметін жүзеге асыратын басқа да бақылаушы органдардың өкілдері (ҚР ҰҚК ШҚ 2086 әскери бөлімі, ҚР АШМ ветеринариялық және фитосанитариялық қызметі), ШҚО Үржар ауданында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдері, кеден ісі саласында қызметін жүзеге асырушы тұлғалар, СЭҚ қатысушылары мен тауарлар тасымалдаушыларының қатысуымен «Бахты» кеден бекетінің өткізу пункті арқылы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру кезінде туындайтын келелі мәселелер бойынша «Дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» мәжілісін «Бахты» кеден бекетінің басшысы Р.Т. Жумагулов ашты.

Ол 2019 жылы «Бахты» кеден бекетінде тауарларды кедендік рәсімдеу нәтижесінде республикалық бюджетке 4 млр. теңгеден аса кедендік төлемдер мен салықтар түскендігін айтып өтті.

Бұл 2018 жылдан қарағанда 3 есеге артық. Осы жағдайға «Бахты» кеден бекетінің өткізу пункті арқылы қызметін жүзеге асыратын тауарлар тасымалдаушылары мен СЭҚ қатысушыларының сіңірген еңбектері көп.

 «Бахты» кеден бекетінің қызметкерлері А.А.Рахимбаев пен А.М.Ешекенов ЕАЭО кеден аумғанына тауарларды әкелу және әкету кезінде жасалатын кедендік операциялар туралы қолданыстағы кедендік нормалары туралы дөңгелек үстел қатысушыларының назарына жеткізді. Сонымен қатар,  егер тауарларды әкелу және әкету кезінде белгіленген мерзімде кедендік операциялар жасалмаса, «ҚР кедендік реттеу туралы» ҚР кодексінің 52-тарауымен белгіленген тәртіпте кеден органдарымен тоқтатылатындығына СЭҚ қатысушылары мен тауарлар тасымалдаушыларының назарларын аударды. Сонымен қатар, кеден заңнамасын бұзғандығы үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін де ескертті.

«Астана-1» АЖ қолдану, кедендік транзит мәселесіне де тоқтатылып өтті.

Сонымен бірге келелі мәселелер қаралды және дөңгелек үстел мәжілісін өткізу барысында СЭҚ қатысушылары мен  «Бахты» кеден бекетінің өткізу пункті арқылы қызметін жүзеге асыратын тауарлар тасымалдаушылардан түскен сұрақтарға түсініктемелер берілді.                   Дөңгелек үстелді қорытындылай келе «Бахты» кеден бекетінің басшысы Р.Т. Жумагулов келушілерді белсенді қатысқандары және өзекті мәселелерді талқылауға ортаға салғандықтары үшін өз алғысын білдірді.