
2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 349 бабы бойынша егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін, жолаушыларға арналған кедендік декларация кеден органында тіркелген күнге қолданыста болатын мөлшерлемелер қолданылады.
Егер халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу жолаушыларға арналған кедендік декларация тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолма-қол ақшасыз тәртіппен не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
Төлеуге жататын кедендік төлемдер сомаларын айқындау үшін қажетті жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы толық және анық мәліметтерді кеден органына мәлімдеу міндеті декларантқа жүктеледі.