

2026 жылғы 22 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрылымдық бөлімшелер мен кеден бекеттері басшыларының қатысуымен мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов К.К. қызметкерлерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын қызметтік және қызметтен тыс уақытта сақтау қажеттігін еске салды.
Кеңес аясында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар жеткізілді, оның ішінде заңдылықты сақтау, іскерлік әдепті ұстану, шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпау, әдепке жат қылықтар мен мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің мәртебесіне сәйкес келмейтін өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейтіні ескертілді.
Кеңес қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелер мен кеден бекеттерінің басшыларына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі ережелерін қызметкерлерге жеткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қосымша зерделеу бойынша техникалық оқуларды жүйелі түрде өткізу тапсырылды.




























