
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (бұдан әрі-Әдеп кодексі) 5 тараудан турады: жалпы ережелер, мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары, қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіру, қызметтік әдепті бұзғаны үшін жауаптылық.
Мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді.
Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.
Ерекше түрде мемлекеттік қызметшілердің қызметтің әдептік қағидаттарына тоқтауға келеді, олар келесідей негізделеді:
1) адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
2) адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас;
3) әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
4) ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
5) сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;
6) клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
Әдеп кодексіне сәйкес әрбір мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда) Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.
Әдеп кодексінің талаптарын сақтау үшін ШҚО бойынша МКД-да үнемі түрде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау бойынша тиісті шаралар атқарылады.
ШҚО бойынша МКД-да 2022 жылдың 10 айы бойынша Әдеп кодексін сақтау мен сыбайлас-жемқорлықты алдын-алу мақсатында 333 іс-шаралар жүргізілді, соның ішінде (семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ шығу):
семинар-жиналыстар – 97;
сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тақырыптарды шығару – 236;
ШҚО бойынша МКД-ның аумақтық және құрылымдық бөлімшілерге қолданыстағы заңнамаларды сақтау бойынша тақырыпта 6 хат жазылды.
Әдеп кодексі мен Қазақстан Республикасының сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша аумақтық және құрылымдық бөлімшілерде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тақырыпта 4 жиналыстар жүргізілді.
ШҚО бойынша МКД-ның мемлекеттік қызметшілердің (салық, кеден, экспорттық бақылау жұмысшыларына) заңсыз әрекеттерін қарастыру бойынша сенім телефоны бар: 70-10-48.
Кез келген азамат ШҚО бойынша МКД-ның мемлекеттік қызметшілердің (салық, кеден, экспорттық бақылау жұмысшыларына) жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметінің сенім телефонына хабарласуға болады: 1424.
Мемлекеттік кірістер органдарының әдеп талаптарын бұзу бойынша сұрақтар болған жағдайда Сіз ШҚО бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М. Татубаевқа жүгінуге құқылысыз. Ол мемлекеттік қызметшілерді және азаматтарды әр айдың ақырғы жұмасында сағат 15.00 ден 18.00-ге дейін келесі мекен-жайы бойынша қабылдауды жүргізеді: Өскемен қаласы Пермитин көшесі 27 үй, немесе жұмыс күндерінде төменгі көрсетілген телефонға звондауға болады 8/7232/24-04-12.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары
ШҚО бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкіл
Е.М. Татубаев