Жарияланған күні: 09.09.2024 12:20
Өзгертілген күні: 09.09.2024 12:20

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы тарапынан «Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б. Қасымжановтың  қатысуымен 2024 жылдың 4 қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларымен деструктивті діни ағымдардың қауіп қатері және оны алдын алу тақырыбы бойынша кеңес өткізді.

Кездесу жанданған форматта өтті, онда «Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б. Қасымжанов мемлекеттік қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, қажетті ақпарат берді.

Сондай-ақ, кездесулер аяқталғаннан кейін ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Койшинов қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.