
Құрметті салық төлеушілер!
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 3-тоқсандағы салық есептілігінің мерзімі 15 қарашадан бастап аяқталатынын естеріңізге салады.
Сонымен, 2024 жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей тапсыру керек:
· 101.03 нысаны – 2024 жылдың 3-тоқсанында резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының есебі;
· 101.04 нысаны – 2024 жылдың 3-тоқсанында резидент емес табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының есебі;
· 200.00 нысаны –2024 жылғы 3-тоқсандағы жеке табыс салығы және әлеуметтік салық туралы декларация;
· 300.00 нысаны – 2024 жылдың 3 тоқсанындағы қосылған құн салығы туралы декларация;
· 400.00 және 421.00 нысаны – 2024 жылғы қыркүйекке арналған салық салуға байланысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша акциздік декларация;
· 570.00 нысаны – 2024 жылдың 3 тоқсанындағы экспортқа рента салығы бойынша декларация;
· 590.00 нысаны – 2024 жылдың 3 тоқсанындағы пайдалы қазбаларды өндіруге салық декларациясы;
· 710.00 нысаны – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін құмар ойындарға арналған салық декларациясы;
· 860.00 нысаны – 2024 жылығы 3-тоқсандағы жер үсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақылар туралы декларация;
· 870.00 нысаны – 2024 жылғы 3-тоқсандағы қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем туралы декларация;
· 880.00 нысаны –2024 жылдың 3-тоқсанындағы цифрлық тау-кен жұмыстарының алымдары туралы декларация;
· 913.00 нысаны – бөлшек сауда салығы бойынша арнаулы салық режимін қолданылатын салық төлеушілер үшін 2024 жылғы 3-тоқсанға арналған декларация.
Салық есептілігін «СЕӨС АЖ» салық есептілігін өңдеудің ақпараттық жүйесі арқылы және «Салық төлеушінің кабинеті» (https://cabinet.kgd.gov.kz) web-қосымшасының көмегімен ұсынуға болады.