
2025 жылғы 29 мамырда Шығыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер департаменті «Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі алаңында семинар өткізді.
Негізгі баяндамамен Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Сабралимова Гүлмира Камильевна сөз сөйледі. Ол жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар мәселелерін қозғап, қатысушыларды өткізіліп жатқан акциялармен: «Түбіртекті талап ет — жүлде ұтып ал», «Бәйге» және «Salyq-кэшбек» пилоттық жобасымен таныстырды.
Спикер сондай-ақ 250, 270 салық есептілігі нысандарын тапсыру тәртібі, тәсілдері мен мерзімдері туралы, сонымен қатар ҚР ҚМ МКК-нің цифрлық жаңалықтары: «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «Salyq Bot» чат-боты және салық заңнамасындағы басқа да жаңашылдықтар жөнінде хабардар етті.
Баяндамалардан кейін семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, берілген түсініктемелер үшін алғыстарын білдірді. Барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.