Жарияланған күні: 26.04.2024 10:59
Өзгертілген күні: 26.04.2024 11:03

2024 жылғы 25 сәуірде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп "Император", "Жеңіс", "Мұзтау", "ЦУМ" сауда орталықтарының алаңдарында жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңіне қатысушылар үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жергілікті кәсіпкерлерге практикалық көмек пен кеңес берілді, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы арқылы декларация тапсыруға көмек көрсетілді.