Жарияланған күні: 13.09.2024 18:40
Өзгертілген күні: 13.09.2024 18:41

2024 жылғы 13 қыркүйекте ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «АДК» ірі сауда орталығында жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халықты ақпараттандыру мақсатында «АДК» сауда орталығының LED-экрандары арқылы өткізілетін іс-шара туралы алдын-ала хабарландыру жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін түсіндіру және үшінші кезең декларанттарын - заңды тұлғалардың басшыларын, құрылтайшыларын (қатысушыларын) және дара кәсіпкерлерді, сондай-ақ олардың жұбайларын (зайыптарын) қамту.

Декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылғы 16 қыркүйекте аяқталады. Салық міндеттемесінің уақтылы орындалмауын болдырмау үшін жергілікті жерлерде кәсіпкерлерге ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығының қызметкерлері кеңес беріп, «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы декларациялар тапсыруға көмек көрсетті.